2022 жылы «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жанынан балаларға қатысты кибербуллинг фактілері бойынша өтініштерді қарау үшін сараптамалық топ құрылғанын хабарлаймыз.
Әлеуметтік әріптестікті дамыту, қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғаудағы ұжымдық шарттардың рөлін арттыру мақсатында Айыртау ауданының білім беру қызметкерлері кәсіподағының аудандық комитеті техникалық қызметкерлер арасында "Үздік қызметкер" конкурсын ұйымдастырды.