Қазақстан Республикасы бойынша барлық білім беру ұйымдарында Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен “Төрт тоқсан-төрт өнер” жобасы аясында мектебімізде “Егер мен ақын болсам…” тақырыбында эссе байқауы өтті.
"Казанка ОМ" КММ-де Казанка ауылдық округінің учаскелік инспекторы Т.К. Айтмағамбетов 6-11 сынып оқушыларымен жол қозғалысы қауіпсіздігі, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қылмыстардың алдын алу бойынша профилактикалық әңгіме өткізді.
Мектеп кітапханасында Қазақстандағы Еңбек күніне арналған "Ер дәулеті – еңбек" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Еңбек-адамның өміріне қажетті материалдық, рухани және басқа құндылықтарды құруға бағытталған адамның қызметі.
"Казанка ОМ" КММ әлеуметтік педагог М. Ж. Науанова 6-7 сынып оқушыларымен "Құқықтық жауапкершілікті қалай тәрбиелеу керек" тақырыбында құқық бұзушылықтың, кәмелетке толмағандардың қылмысының алдын алу бойынша әңгіме өткізді.