18 қыркүйек “Голос” дебат клубының жетекшісінің ұйымдастыруымен мұғалімдер арасында "Жаңа Қазақстанда ақындар айтысының дамуы" қарары бойынша дебат өткізілді
«Казанка орта мектебі» КММ кітапханашы 5-ші сынып оқушылары арасында «Кітап-рухани қазына» атты ақпараттық күнін өткізді. Мақсаты – ана тіліне, өз еліне деген сүйіспеншілік пен құрметке тәрбиелеу, мемлекеттік тілді білуге деген қызығушылықты арттыру.
Отбасы-кез-келген қоғамның басты құндылығы. Ол мемлекет өмірінде, жаңа ұрпақты тәрбиелеуде, қоғамдық тұрақтылық пен прогресті қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Отбасы күні адамгершілік пен руханиятты нығайтуға ықпал етеді. Мереке жалпыхалықтық сипатқа ие болды және жыл сайын жаңа дәстүрлермен байытылады.
2023 жылғы 8 қыркүйек күні Казанка орта мектебінің білім алушылары арасында салауатты өмір салтын насихаттау және физикалық белсенділігін арттыру мақсатында "Сергіту сәті" челленджі өткізілді.