15 ақпанда мектеп кітапханасында "Кеңес әскерлерін Ауғанстаннан шығару күніне" орай көрме ұйымдастырылды. Кітап көрмесінде сол кездегі әскери оқиғаларға арналған материалдар, әскери интернационалистердің батырлары туралы кітаптар, фотосуреттер түріндегі оқиға үзінділері ұсынылды. Сондай - ақ кітапханада Айыртау ауданының ауған ардагерлерінің төрағасы Алексей Викторович Несветеевпен кездесу өтті.