"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында кітапханашы 1-4 сынып оқушылары арасында "Сүйікті ертегілер беттері бойынша" тақырыбында викторина ойыны түрінде сыныптан тыс іс-шара өткізді. Бұл іс-шараның мақсаты: балаларға ертегілердің таңғажайып әлемін, олардың даналығы мен сұлулығын көрсету. Ертегілерге деген құрмет пен сүйіспеншілікті нығайту. Жақсылық, достық пен сүйіспеншілікке, зұлымдықты жеңуге тәрбиелеу.