2024 жылдың 24 сәуір күні "Казанка орта мектебі" КММ-де әлеуметтік педагог Науанова М.Ж. мен педагог-психолог Абильмажинова Б.Т. 1-11 сынып ата-аналары үшін "Бала қауіпсіздігі" атты ата-аналар жиналысын өткізді. Жиналыстың мақсаты: Ғаламтор арқылы ата-аналар қоғамдастығының назарын балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау мәселелеріне аудару, балалардың жарақаты мен жазатайым оқиғалардың алдын алу дың тиімділігін арттыру, ата-аналардың балалардың қауіпсіздігі туралы хабардар болу. Сондай-ақ, Казанка округі бойынша учаскелік инспектор аға лейтенант Бейсекенов Медет Әлібекұлы ата-аналармен "Жеке аула аумақтарын абаттандыру", "Жасөспірімдердің мото-техниканы пайдалану ережелері", "Оқушылар күнінің тәртібін сақтау" тақырыптарында әңгімелесті. Сындарлы әңгіме болып, бірқатар мәселелер талқыланды.