2023 жылғы 8 қыркүйек күні Казанка орта мектебінің білім алушылары арасында салауатты өмір салтын насихаттау және физикалық белсенділігін арттыру мақсатында "Сергіту сәті" челленджі өткізілді.
Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрлігі ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен республиканың барлық білім беру ұйымдарында түрлі іс-шаралар өткізу жоспарланған. Соның бірі - оқушылардың қатысуымен "Сергіту сәті" челленджін өткізу. 2023 жылғы 8 қыркүйек күні Казанка орта мектебінің білім алушылары арасында салауатты өмір салтын насихаттау және физикалық белсенділігін арттыру мақсатында "Сергіту сәті" челленджі өткізілді. Жоғарыда аталған челленджге мектептің оқушылары, қызметкерлер қатысып, дене шынықтыру жаттығуларын орындады. Мұндай жаттығулар оқушылардың дене белсенділігі мен қимыл-қозғалысы арқылы зейінділік пен оқу қабілетін жақсартуға көмектеседі.