«Казанка орта мектебі» КММ кітапханашы 5-ші сынып оқушылары арасында «Кітап-рухани қазына» атты ақпараттық күнін өткізді. Мақсаты – ана тіліне, өз еліне деген сүйіспеншілік пен құрметке тәрбиелеу, мемлекеттік тілді білуге деген қызығушылықты арттыру. Тіл – халықтың амандығы. Ол ұлттардың бірігуі мен ынтымақтастығына ықпал етеді. Бұл адамдарды тәрбиелеу құралы. Тілдер күні – еліміздің барлық азаматтарының достығы, туыстық және бірлігінің белгісі.