"Казанка ОМ" КММ әлеуметтік педагог М. Ж. Науанова 6-7 сынып оқушыларымен "Құқықтық жауапкершілікті қалай тәрбиелеу керек" тақырыбында құқық бұзушылықтың, кәмелетке толмағандардың қылмысының алдын алу бойынша әңгіме өткізді. Жасөспірімдерарасында агрессивтілікті анықтауға сауалнама жүргізілді Әңгімелесудің мақсаты кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, оқушылардың құқықтық санасын тәрбиелеу; оқушылармен кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс проблемасын талқылау; оқушыларға кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігінің ерекшеліктерін түсіндіру; өз бетінше жауапты шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыру.