Қазақстанда қыркүйектің соңғы жексенбісінде ел Президентінің 2013 жылғы Жарлығымен белгіленген Еңбек күні атап өтіледі. Мереке қоғамдағы еңбек адамының беделін арттыруға, өнімді еңбекті ынталандыруға, жастар арасында жұмысшы мамандықтарын насихаттауға және еңбек әулеттерінің көпжылдық дәстүрлерін нығайтуға және еңбектің маңыздылығын ерте жастан білуге арналған. Мектеп кітапханасында Қазақстандағы Еңбек күніне арналған "Ер дәулеті – еңбек" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Еңбек-адамның өміріне қажетті материалдық, рухани және басқа құндылықтарды құруға бағытталған адамның қызметі.