07.11.2023 ж. тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес5-7 сынып оқушыларымен "Жасөспірім қыздың жеке гигиенасы" профилактикалық әңгімесі өтті. Әңгіме мақсаты: қыздармен гигиена, гигиеналық құралдар туралы сенімді түрде сөйлесу; денсаулыққа жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру; жеке гигиена дағдыларын тереңдету және салауатты өмір салтын қалыптастыру. Әңгіме барысында дене гигиенасы, киім, тамақтану, оңтайлы еңбек және демалыс режимі, қозғалыс белсенділігін арттыру, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру, сол арқылы қыздардың салауатты өмір салты дағдыларын игеруге деген ынтасын арттыру туралы айтылды. Бүгінгі кездесуден кейін алынған білім қыздарға күнделікті өмірде пайдалы болады деп үміттенеміз.