Казанка орта мектебінде 9 және 11 сынып түлектері арасында пікірталас өтті. Ата-аналар түлектердің болашақ мамандығын таңдауға қатысуы керек пе деген тақырып талқыланды. Әр команда өз ұстанымын қорғады, дәлелдер мен фактілер келтірді. Талқылау қызу және белсенді болды. Түлектер бұл мәселенің әртүрлі жақтарын қарастырып, назарға алды, өйткені бұл мәселе олардың таңдауына тікелей қатысты. Төреші педагог-кәсіби бағдаршы Науанова Марям Жарасовна, биология пәнінің мұғалімі Бельгибаева Майраш Байжановна және пікірсайыс клубының жетекшісі Вострова Татьяна Александровна болды.